Атырау облысының бір тұрғыны тырысқақ деген диагнозбен ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысының бір тұрғыны тырысқақ деген диагнозбен ауруханаға түсті

Атырау облысының бір тұрғыны тырысқақ деген диагнозбен ауруханаға түсті

Атырау облысында тырысқақ ауруы тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Тамыз 2003
  • 852
Фото - Caravan.kz

5-тамызда Өрлік ауылының 32 жастағы тұрғыны Махамбет аудандық орталық ауруханасына іш ауруы деген алдын-ала диагнозбен жатқызылады. Ал 10-тамызда науқас «тырысқақ» деген диагнозбен облыстық ауруханаға ауыстырылды. Сол күні онымен байланыста болған 78 адамның 61-і ауруханаға жатқызылды.

Агенттік ақпаратына сәйкес, қазір науқасқа тиісті дәрігерлік көмектер көрсетілуде. Денсаулық ахуалы тұрақты деп бағаланып отыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған басқа адамдар іздестіріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар