Атырау облысының бюджетін талан-таражға салғандар (ФОТО)
![]() |
Экономикалық қылмысқы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) сайтының |
«Іздеу» айдарында Атырау облысының бюджеттік қаражатын жымқыру бойынша кезекті жемқорлық істің қатысушылары туралы қосымша ақпараттар пайда болды. Олардың барлығы ҚР ҚК-нің 176-бабы, 3 тармағы, «б» тармақшасы бойынша (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету) айыпталуда.
Атап айтқанда, Атырау қаласының оң жағалау бөлігінің су жинау және суды тазарту құрылғыларын салу кезінде 227 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қаржы полициясы қозғаған қылмыстық іс бойынша іздеуге жарияланған 7 адамның фотосуреттері (1 тұлғаның фотосуреті - орналастырылмаған) мен олар туралы толық ақпарат орналастырылды.
Жемқорлық фактісі бойынша мемлекетаралық және республикалық іздеуге жарияланғандар - «АтырауГрандСтрой» ЖШС директоры Нұрлан Жұлмағамбетов, мәслихаттың экс-депутаты, «Снайбол» ЖШС басшысы Айбат Сүлейменов, «Центр Строй ЛТД» ЖШС директорының орынбасары Артем Даневич, «BNB Construction» ЖШС есепшісі Гүлмира Әзбергенова, сондай-ақ құрылыс фирмалараның басшылары мен бухгалтерлері Ерболат Ізбасар, Галина Веккер және Мұрат Желдібаев.
Еске салайық, Қаржы полициясы аталмыш тұлғаларға қатысты қылмыстық істің қозғалғандығы туралы 2012 жылдың 16 қарашасында мәлім етті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін