Жарияланды: 640

Атырау облысының халқы құбыр суымен 94% қамтамасыз етілген

Атырау облысының халқы құбыр суымен 94% қамтамасыз етілген, деп облыстық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының бастығы Бауыржан Жайсаңов мәлім етті.

«Атырау облысының екі қаласы мен 176 елді мекені құбыр суымен 94% қамтамасыз етілген», - деді ол сейсенбі күні Атырау облыстық әкімшілікте өткен «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуге арналған кеңес барысында. 101 елді мекенге су орталықтандырылған жүйе арқылы берілсе, 52 елді мекенде су тазартқыш қондырғылар жұмыс істейді, бірақ көшелеріне су тартылмаған. Тағы 23 елді мекенге су артезиан құдықтарынан немесе 5-40 км жерден тасып беріліп отыр. «Қазір облыста 2011-2013-шы жылдарға арналған халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің облыстық бағдарламасы жұмыс істейді», - деді Б. Жайсаңов. 2011-ші жылдың басынан бастап 26 елді мекенде 9 су тазартқыш қондырғы іске қосылып, осындай төрт нысан қайта жөндеуден өтті, және 328 км су құбыры тартылып жатыр. Облыс тұрғындарын 2014-ші жылға дейін ауыз сумен толық 100 пайыз қамтамасыз ету үшін 43 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары мен 29 нысанда жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Бұл шараларға жалпы сомасы ондаған миллиард болатын қаражат бөлінген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін