«Атырау облысынан ағымдағы жылдың 8 айында экспортқа шығарылған мұнай 98,4 пайызды құрайды. Шикізатты сатып алушылар негізінен Италия, Нидерланды, Франция мен Түркия елдері», — деп хабарланған «Ақжайық — Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің ақпаратында.
2015 жылы мұнай Атырау облысынан құбыр құбыр желісі көлігі немес теміржомен Новороссийск, Тамань, Усть-Луга және Приморск порттары арқылы тасымалданған. Шикі мұнай порттарға «Өзен-Атырау-Самара» және «КТК-К» мұнай құбырлары арқылы жеткізіледі.
Мұнай экспортынан кедендік салымдардың негізгі үлесі — 228 млрд. теңгеге жуық «Теңізшевройл» ЖШС-нан түскен.