«7 шілдеде Котеджная көшесіндегі шалшық судан жаңа туған сәби табылды, оның тіпті кіндігі де кесілмеген. Бұл туралы қаланың жедел қызметтеріне қараңғыда шырылдаған дауысты естіген адамдар хабарлаған», — деді С. Жұмашева сейсенбі күні.
Оның айтуынша, бала табылған жерге Атырау ІІБ-ның оперативті тобы пен қала прокурорының көмекшісі барды.
«Қазір сәби облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің бақылауына берілді», – деді ол.
Атырау ІІБ бұл факт бойынша ҚР ҚК 119 б.1б. бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оперативті-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.