Атырау полициясы көшедегі шалшықтан табылған сәбидің анасын іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау полициясы көшедегі шалшықтан табылған сәбидің анасын іздеп жатыр

Атырау полициясы көшедегі шалшықтан табылған сәбидің анасын іздеп жатыр

Атырау полициясы көшедегі шалшықтан табылған сәбидің анасын іздеп жатыр, деп хабарлады Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Светлана Жұмашева.

  • 12 Шiлде 2011
  • 517
Фото - Caravan.kz

«7 шілдеде Котеджная көшесіндегі шалшық судан жаңа туған сәби табылды, оның тіпті кіндігі де кесілмеген. Бұл туралы қаланың жедел қызметтеріне қараңғыда шырылдаған дауысты естіген адамдар хабарлаған», — деді С. Жұмашева сейсенбі күні.

Оның айтуынша, бала табылған жерге Атырау ІІБ-ның оперативті тобы пен қала прокурорының көмекшісі барды.

«Қазір сәби облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің бақылауына берілді», – деді ол.

Атырау ІІБ бұл факт бойынша ҚР ҚК 119 б.1б. бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оперативті-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар