«Атырау облысында құрт ауруына қатысты күрделі эпидемилогиялық ахуал қалыптасып отыр. 8 айда қала аумағында құрт ауруымен алғаш рет ауырған 375 адам, соның ішінде 21 бала тіркелді»,- деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне қалалық мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау қызметі.
Әсіресе Геолог, Дамбы және Балықшы округтерінде құрт ауруы белең алған.
Дерттен айыға бастаған кедей отбасылардың балалары қайта ауыратындығы жағдайды қиындатып отыр. «Биылғы жылдың 8 айында 228 адам аурудың созылмалы түрімен, 56адам рецидивпен тіркеуде тұр»,- деді ақпарат көзі.
Биыл Атрыау тұрғындарының 91,2 проценті флюрографиялық тексеруден өтті. «Алайда қала тұрғындарын жаппай тексеруге қамту мүмкін емес. Көші-қон деңгейінің жоғарылығы халықты толыққанды санаққа қамтуға мүмкіндік бермеу салдарынан тұрақты тұрғылықты жерлері жоқ және бірнеше жылдан бері флюрографиялық тексеруден өтпеген адамдар анықталуда»,- дейді мамандар.
Облыста науқастармен байланыстағы мектепжасына дейінгі балалардың арнаулы мекемелері жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті