"Атырау құс фабрикасы" ЖАҚ банкрот деп жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атырау құс фабрикасы" ЖАҚ банкрот деп жарияланды

"Атырау құс фабрикасы" ЖАҚ банкрот деп жарияланды

"Атырау құс фабрикасы" ЖАҚ банкрот деп жарияланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық экономикалық сотының судьясы Айгүл Кенжалиева хабарлады.

  • 4 Тамыз 2003
  • 752
Фото - Caravan.kz

Кәсіпорынның борышы (4,5 млн. теңге) кәсіпорын активтерінен (710 мың теңге) әлдеқайда артып кеткендіктен құс фабрикасының акционерлері сотқа шағым түсіріп, кәсіпорынды банкрот деп тануды өтінген болатын.

Қазір бұл кәсіпорын жаңа басқарушы тағайындалғанға дейін Атырау облысының коммуналдық меншігіне берілді.
2000-жылы облыс ауылшаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет 300 млн. теңгені грант түрінде бөлген. Жергілікті билік бұл қаржыға құс фабрикасын салу жобасын құптады.
Жобалық қуаты жылына 11 млн. жұмыртқаны құрайтын мүлік кешені «Датч Чикен» компаниясына сенімді басқаруға берілді. Басқарушы компания кәсіпорынды 10 жылда сатып алуды жоспарлаған . 2001-жылы кәсіпорынға 25 мың голландиялық тауық әкелінді. 2002-жылдың бірінші жартысында 3 млн. жұмыртқа өндірілді. Ал 2003-жылы жұмыртқа өндіру көлемі азайып, 749 мың дананы құрады.

Соңғы жаңалықтар