Жарияланды: 350

Атырау сауда үйлерінің бірінде ірі өрт болды

16 қаңтар күні таңертең Атырау қаласындағы «Хозяюшка» сауда үйінің үшінші қабатында өрт басталды, жалын ғимарат шатырына ауысты. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт үш сағатқа жуық уақытта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 21 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 525 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін