Атырау тұрғынына қойылған тырысқақ диагнозы дәлелденген жоқ- Республикалық СЭС - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау тұрғынына қойылған тырысқақ диагнозы дәлелденген жоқ- Республикалық СЭС

Атырау тұрғынына қойылған тырысқақ диагнозы дәлелденген жоқ- Республикалық СЭС

Атырау облысы Өрлік ауылының тұрғынына қойылған тырысқақ диагнозы дәлелденген жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 12-тамызда Республикалық СЭС-тен хабарлады.

  • 12 Тамыз 2003
  • 672
Фото - Caravan.kz

Алайда, СЭС ақпаратына сәйкес, науқастың жұқпалылық тұрғысынан қауіпті емес қоздырғыш болып табылатын сапрофиттен белең алған тырысқақ тектес аурумен ауырғаны, бұл ауруды іш ауруы одан бетер асқындырып жібергені белгілі болды. Мамандардың пайымдауынша, ауру сапасыз су тұтыну салдарынан пайда болған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-тамызда Өрлік ауылының 32 жастағы тұрғыны Махамбет аудандық орталық ауруханасына іш ауруы деген алдын-ала диагнозбен жатқызылады. Ал 10-тамызда науқас «тырысқақ» деген диагнозбен облыстық ауруханаға ауыстырылды. Сол күні онымен байланыста болған 78 адамның 61-і ауруханаға жатқызылды.
Қазір науқастың денсаулық ахуалы тұрақты деп бағаланып отыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы сау болып шықты . Бұдан басқа ауырған адам тіркелген жоқ.
Атырау облысына Республикалық СЭС-тің халықты сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту жөніндегі мәселемен айналысушы мамандары жіберілді. Сонымен қатар, еліміздің барлық аймақтарында адамдар демалатын су қоймалары мен ашық көздерден ауыз су алатын нүктелерге зертханалық тексеру күшейтілді.