Атырау тұрғыны көлігін сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.57
  • 508.34
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау тұрғыны көлігін сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірді

Атырау тұрғыны көлігін сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірді

Атырау облысы, Қызылқоға ауданында қанды оқиға орын алды.

  • 12 Маусым
  • 20
Фото: ашық дереккөз

Белгілі журналист Алмас Алтай трагедияның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ауылдан қалаға келген, базардан жүк тиеп, елге қайтпақ боп тұрған Амандық Сағынғалиев Мұхтар Ахмедовтың ескі мерсінің есігін майыстырып, көліктің есігі жабылмай қалады. 

Амандық ағаның қалтасында қарайған ақша болған, істі сол жерде жауып кететін де мүмкіндігі болған. Алайда, Мұхтар Ахмедов сөйлеспей, бірден жұдырыққа жүгінген. Амандық ағаның жасы 60-қа таяп қалған, ал, Мұхтар 40-қа да жетпепті.

Алтыншы әлде жетінші жұдырық сілтенген соң Амандық аға орнынан тұра алмай қалған. Айналадағыдар ЖЖ шақырған, ағаның қызы келген жүгіріп, дәрігерлер Амандық ағаны көлікке салып жатқанда Мұхтар әлі боқтап, айғайлап жүрген. 

Содан біраз өткенде Амандық ағаның тумаластары — жігіттер базарға келген, мән жайды білген. Мұхтар “мен бір-ақ рет ұрдым, шал құлап қалды, басын тасқа соқты, тұра алмай қалды” деген.

Алайда, базар алдындағы камераға бәрі анық түскен, Ахмедов Амандық ағаны бірнеше рет ұрған, жетектеп таса жерге әкеліп, тағы ұрған. 

Бұны көрген Амандық ағаның тумаластары полицияға қайта өтініш жазып, полиция істі Қылмыстық Кодекстің 106 бабы, 3 тармағы бойынша, яғни, “Денсаулыққа кісі өліміне әкелетін қасақана зиян келтіру” бабы бойынша тергей бастаған. Бұл бап бойынша сотталғандарға 8 — 12 жылдық бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. 

Амандық Сағынғалиевтың тумаластары Ахмедовтың бұрын сотталғанын айтады. Мұхтар Ахмедов бұрын басқа бір ер адамға пышақ тығып, істі болып, алайда, тараптар сот залында татуласқан соң бас бостандығын шектеу жазасымен құтылған екен. 

Бұл жолы аяушылық болмас, жетпіске таяған адамды қасақана ұрып өлтіру — адамдыққа сиятын іс емес.