Бұған дейін өз алаңындағы ширек финалдық ойында барлық қарсыластарын қоғадай жапырған Хромтаудың «ТНК Қазхром» командасы бұл жолы жанкүйердің сенімін ақтай алмады. Жартылай финалда атыраулықтарға 2-3 (20-25, 25-16, 24-26, 25-21, 15-17) есебімен есе жіберген олар ақтық сында да дәл осындай есеппен Оралдың «Конденсат» командасына (21-25, 35-33, 28-26, 15-25, 9-15) ұтылды. Ал жартылай финалда оралдықтарды (3-1) тізе бүктірген Қызылжардың «Есілін» ақтық сында «атыраулықтар» 2-3 есебімен қапы қалдырды. Соның нәтижесінде Қазақстан кубогында 1-3 орынды «Атырау», «Есіл» және «Конденсат» командалары өзара бөлісті.