«Атырау» волейбол командасының басшылары сот алдында жауап беріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 541.93
  • 636.71
+36 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атырау» волейбол командасының басшылары сот алдында жауап беріп жатыр

«Атырау» волейбол командасының басшылары сот алдында жауап беріп жатыр

Атырауда спорт саласының басшылары да мемлекет қаржысын миллиондап жымқырған. Облыстық волейбол командасының директоры – Жеңісбек Мұхамбетжанов, бас жаттықтырушы – Александр Запевалов және есепші Светлана Харькинаға 253 млн теңгені қолды қылды деген айып тағылып, істері сотқа жетті. 

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 312
Фото - Caravan.kz


Тергеу мәліметтеріне сенсек, бұл үшеуі шетелде, яғни Адлер, Стамбул, Дубай, Варшава қалаларында оқу-жаттығу жиындарын өткізілгендігі туралы жалған құжаттар жасаған. Ал оған бөлінген қаржыны өзара бөлісіп алыпты. Сотқа куәгер ретінде қатысқан команданың бұрынғы ойыншылары өздерінің ресми жалақыларының небары 23 мың теңге болса да, қолдарына ай сайын 300 мың теңге көлемінде алғандарын, яғни, жалған іссапарлар есебінен төленгенін растауда. Айта кетейік, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы бұрынғы облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің жүргізушісі, кейін облыстық спорт басқармасының басшысы болған Берік Жанкеев көрінеді. Қазір ол іздеуде.