Атырау зауыты мұнай өңдеу тарифін төмендетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 506.21
  • 568.42
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау зауыты мұнай өңдеу тарифін төмендетеді

Атырау зауыты мұнай өңдеу тарифін төмендетеді

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» 2025 жылғы 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифінің төмендейтінін хабарлайды.

  • 25 Сәуiр
  • 6
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Жаңа тариф қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тонна үшін 47 000 теңгені құрайды. Бұл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 7 450 теңгеге арзан. Бұған дейін тариф бір тонна үшін 54 450 теңге болған (ҚҚС-сыз). Тарифті төмендету туралы шешім мұнай өндіруші компаниялардың табысын теңестіру үшін қабылданды. Бұл еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізушілер үшін бірдей жағдай жасауға әрі экономикалық ахуалды теңестіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы мұнай өнімдерін одан әрі нығайтуға жол ашады, — деп түсіндірді АМӨЗ баспасөз қызметі.

Тарифтің төмендеуі АМӨЗ-дің кредиттік міндеттемелерін өтеу кестесін оңтайландыру нәтижесінде мүмкін болды.

Атырау мұнай өңдеу зауыты тұрақты даму бағытын берік ұстана отырып, ашықтық форматында өзінің қызметін жүзеге асырады. АМӨЗ мемлекеттік органдармен, саладағы серіктес компаниялармен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастыра береді.