Атырау: Жайық суына кеткендер саны биыл күрт өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау: Жайық суына кеткендер саны биыл күрт өскен

Атырау: Жайық суына кеткендер саны биыл күрт өскен

Атырауда Жайықтың суына кеткендер саны биыл күрт өскен. Жаз шыққалы мұнда 20 адам ажалын судан тапты. Өлім-жітім,әсіресе өңірде аптап ыстық басталғалы артып отыр. Бұған көбіне жұрт шомылатын жағажайлардағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп.

  • 16 Шiлде 2011
  • 627
Фото - Caravan.kz

— Cуда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, тыйым салынған жерге бармаңыздар!

Жағажайлардың көбі жеке иелікте болғандықтан, қол тарлық көрсететін кәсіпкерлер қарапайым бақылау нүктелерін салып, қайық алуға асықпайды. Бұл аздай, су мамандарының жұмыстарын қиындататын маңайды жайлаған кафе мен мейрамханлардың көптігі тағы бар. Себебі,ащы суға сылқия тойып алғандар “бір сүңгіп шығамын” деген оймен суға түсіп, көп жағдайда келмеске кетіп жатады. Оның үстіне 300 шақырымға созылып жатқан Жайықты тәулігіне тек  4 құтқарушы бақылайды екен. Дер кезінде көрсетілетін көмек күшінің жеткіліксіз болып жататын да сондықтан.


Ершат Қибаев, Атырау облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің бастығы:

— Осы ай басталмай жатыптөрт  адам суға кетті. Оның себептері: мас күйінде суға түсу, шомылуға болмайтын жерлерге бару. Сондықтан  қолданып жатқан шараларды білесіздер: құтқарушыларды жағаға жіберіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Соңғы жаңалықтар