Жарияланды: 640

Атырау жол полициясында бірқатар заңбұзушылықтар әшкереленді

Атырау жол полициясы орын алған жол-көлік оқиғаларын (ЖКО), жарақат алу фактілерін жасырып отырған және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғандарға жүргізуші куәліктерін берген, деп прокуратура баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жол полициясы психоневрологиялық диспансерде «шизофрения», «ақыл-есінің аздаған жетіспеушілігі бар», «қалш-қалш етіп құлап қалатын қояншық» ауруы диагнозымен есепте тұрғандарға жүргізуші куәліктерін берген, деп облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашева жұма күні мәлім етті. Мысалы, 2000-шы жылдан бері қазіргі уақытқа дейін есепте тұрғандар С.Аязбаевқа, И.Белохвостиковқа, Р.Гусмановқа, В.Голуновқа, Р. Жиенбаевқа, К.Есалиевке т.б. азаматтарға әр түрлі категориядағы жүргізуші куәліктері берілген. Сондай-ақ прокурорлық тексеріс барысында жол полициясы ІІД оперативтік басқару орталығынан алынған құқықтық бұзушылықтар туралы мәліметтерге қарамай, әкімшілік айыппұлдар салынбаған. Осындай фактілер 46 бұзушыға қатысты анықталды. Одан басқа, мемлекеттік тегін қызметті ақылы негізде көрсету фактілері анықталған. «Іздестіру, қатыстылығын анықтау» және «Сенімхат» бағдарламалық өнімдермен қызмет көрсету жөніндегі мекеме бола отырып, «Дана» ЖШС құжаттарды қабылдау терезесі арқылы халыққа ақылы қызмет көрсетіп отырған. Бірақ заңнама бойынша, жоғарыда келтірілген қызметтерді жол полициясы тегін көрсетуі тиіс. Одан басқа прокурорлық тексеріс барысында жол полициясының 300-дей әкімшілік материалдарды, айыппұлды мәжбүрлі өндіріп алу үшін құқық бұзушының жұмыс орнына жібермеу фактісі анықталыпты. 2010-шы жылы жол полициясы ЖКО кезінде кәмелетке толмағандардың жарақат алуларының 51 фактісін жасырған, биылғы жылы бірінші тоқсанда осындай 9 факті жасырынған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть