"Атыраубалық" ААҚ биылғы көктемдегі балық аулау маусымында 9,48 тонна қара уылдырық дайындады, бұл 2002-жылғымен салыстырғанда 40 процент аз - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атыраубалық" ААҚ биылғы көктемдегі балық аулау маусымында 9,48 тонна қара уылдырық дайындады, бұл 2002-жылғымен салыстырғанда 40 процент аз

"Атыраубалық" ААҚ биылғы көктемдегі балық аулау маусымында 9,48 тонна қара уылдырық дайындады, бұл 2002-жылғымен салыстырғанда 40 процент аз

"Атыраубалық" ААҚ биылғы көктемдегі балық аулау маусымында 9,48 тонна қара уылдырық дайындады, бұл 2002-жылғымен салыстырғанда 40 процент аз.

  • 4 Маусым 2003
  • 579
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге «Атыраубалық» ААҚ өндіріп АҚШ-қа жіберген 1 тонна 175 килограмм қара уылдырық кері қайтарылған көрінеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне «Атыраубалық» ААҚ-ның вице-президенті Семен Хван хабарлады.

Өнімнің кері қайтарылуына ДНК кодының Каспий бассейніне тән бекіре тұқымдас балықтың ДНК кодымен сәйкес келмеуі себеп болса керек.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Астраханьдық ғалымдар Каспий бекіресінің тіршілік қабілетін жақсарту үшін оларды Сібір бекіресімен будандастырған көрінеді.
Жаңа буданның ДНК-сы Каспий бассейніне тән бекіре тұқымдас балықтың ДНК-сынан бөлек екені түсінікті жайт.
2002-жылы АҚШ тарапынан енгізілген жаңа тәртіп бойынша осы елге әкелінетін барлық уылдырық түрлері генетикалық тексеруден өтуге тиіс. Аталмыш тәртіп күшіне енген соң АҚШ Қазақстаннан сатып алынатын уылдырықтың міндетті түрде Каспий бекіресінен болуын талап етуде.
«Атыраубалық» ААҚ-ның президенті Сергей Долгихтың айтуынша, экспортталған уылдырық партиясын кері қайтару оқиғасы Каспий төңірегіндегі елдердің бірнешеуінде орын алған. Ондай елдердің атын нақты атамаған С.Долгих Қазақстанның қара уылдырығын кері қайтару оқиғасы бұдан былай қайталанбайды деп сендіреді.
» Зауытта замана талабына сай жабдықталған жаңа зертханасы бар, дайындалған барлық уылдырық өнімі генетикалық зерттеуден өткізіледі»,- дейді ол.

Соңғы жаңалықтар