«Атыраубалық» АҚ ресми түрде банктротқа ұшыраған кәсіпорын болып танылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атыраубалық» АҚ ресми түрде банктротқа ұшыраған кәсіпорын болып танылуы мүмкін

«Атыраубалық» АҚ ресми түрде банктротқа ұшыраған кәсіпорын болып танылуы мүмкін

Атырау экономикалық сотына «Атыраубалық» АҚ балық өңдеу зауытын банкротқа ұшыраған кәсіпорын ретінде тану жөнінде шағым түсті.

  • 13 Қараша 2012
  • 407
Фото - Caravan.kz

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Галиевтің сөзіне қарағанда, сотқа Атырау облысы бойынша салық комитеті арызданды. Сот материалдарды қабылдады, таяу күндері оларды қарау басталады.

Естеріңізге сала кетейік, «Атыраубалық» АҚ өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап жұмыс істеп келе жатқан Қазақстандағы балық өңдеу кәсіпорны.

Бүгінгі күні ірі кәсіпорынның жұрнағы ғана қалды. Оған негізгі себеп — орал-каспий бассейінінің жұтаңдығы. Кәсіпорынның құлдырауына 90 жылдардағы браконьерлік пен заңды, бірақ бақылаусыз балық аулау, сондай-ақ балық қорларын өндіруге бағытталған жұмыстың әлсіреуі әсер етті. Нәтижесінде еліміздің «Атыраубалық» балық өңдеу зауыты тақырға отырды. Ескі флот жарамсыз болып қалды. Цехтар банкротқа ұшырады. Бүгінгі күні өңірдің балық аулау өндірісімен тек өндірістік кооперативтер — бұрынғы ұжымшарлар айналысуда.

Айта кетейік, «Атыраубалық» кәсіпорны 90 жылдарда жекеменшікке берілген болатын. Ол бірнеше жанжалдың ортасында қалды.

Соңғы жаңалықтар