Жарияланды: 540

Атырауда 2004-жылы апатты жағдайдағы үйлерді қиратуға 400 млн. теңге бөлінеді

2004-жылы Атырау облыстық бюджетінен Атырау қаласындағы апатты жағдайдағы және әбден тозығы жеткен үйлерді қиратуға 400 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау қаласының әкімі Манас Тасыбаев хабарлады.

Оның мәліметіне жүгінсек, 2003-жылы апатты жағдайдағы және әбден тозығы жеткен 82 үйдің 14-і қиратылған. Құлатылған үйлердің иелері жаңа 100 пәтерге ие болды. 2004-жылы тағы да 100 пәтер сатып алу көзделген. Бірінші кезекте Семипалатинская, Аманшин және 72, 73, 74, 76-шы көшелерде орналасқан апатты жағдайдағы үйлер қиратылады. Сондай-ақ, қалада Балықшы-Жұмыскер бағытындағы көпірдің салынуына байланысты бірнеше ескі үйлер бұзылады. М.Тасыбаевтың айтуынша, муниципалдық үйлер мәселесі де күн тәртібінен алынбайды. Бұдан бұрын да жоспарланғанындай, соғыс ардагерлеріне, мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған үйлер салынатын болады. "Бұл жоспар бюджетке түсетін түсімдер тұрақтанған жағдайда жүзеге асады",- деді әкім.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін