Олар үш айлық курстан Атыраудың Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінде өтті. Әйелдердің көпшілігі үшін бұл өмірлеріндегі алғашқы мамандық.
Қалалық білім басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, олардың барлығы Атыраудың Привокзальный және Авангард ықшам аудандарында ашылған жаңа балабақшаларда жұмыспен қамтылады.
Барлығы облыста «Бизнестің жол картасы-2020» республикалық бағдарламасы бойынша еңбек рыногында сұранысқа ие 45 мамандық бойынша қайта даярлаудан 1 300 жұмыссыз өтті.