Атырауда 24 жұмыссыз әйел «тәрбиешінің көмекшісі» мамандықтарын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 24 жұмыссыз әйел «тәрбиешінің көмекшісі» мамандықтарын алды

Атырауда 24 жұмыссыз әйел «тәрбиешінің көмекшісі» мамандықтарын алды

Атырауда «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша оқуға жіберілген 24 жұмыссыз әйел тәрбиешінің көмекшісі мамандықтарын алды.

  • 16 Маусым 2011
  • 540
Фото - Caravan.kz

Олар үш айлық курстан Атыраудың Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінде өтті. Әйелдердің көпшілігі үшін бұл өмірлеріндегі алғашқы мамандық.

Қалалық білім басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, олардың барлығы Атыраудың Привокзальный және Авангард ықшам аудандарында ашылған жаңа балабақшаларда жұмыспен қамтылады.

Барлығы облыста «Бизнестің жол картасы-2020» республикалық бағдарламасы бойынша еңбек рыногында сұранысқа ие 45 мамандық бойынша қайта даярлаудан 1 300 жұмыссыз өтті.

Соңғы жаңалықтар