"Бүгінгі күні Атырауда «Алтын алқа» төсбелгі иелері — 1088, күміс алқалы аналар — 1559. Қалада 10 немесе одан да көп баланы тәрбиелейтін аналар саны — 283, ал 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы аналар — 5296", — дейді Атырау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Полымбет Хасанов.
Айта кетейік, көпбалалы 25 ананың 5-і «Алтын алқа», 19 ана «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.