Атырауда 61 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен 29 жастағы жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 61 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен 29 жастағы жігіт ұсталды

Атырауда 61 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен 29 жастағы жігіт ұсталды

Атырауда «Қолға түсіру» жоспары аса ауыр қылмысты жасады деген күдіктіні ұстауға көмектесті.

  • 20 Қазан 2017
  • 165
Фото - Caravan.kz

«102» қызметінің операторына телефонмен Майлин көшесінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оның сол жақ иығы пышақталған. Қаза тапқан адамның жеке-басы анықталды, ол 61 жастағы Атырау тұрғыны болып шықты. Қалада «Қолға түсіру» жоспары жарияланды. Нұрсая шағын ауданында жүргізілген операция барысында "Кia Soul" көлігі тоқтатылып, ер адамды өлтірді деген күдікпен ондағы 29 жастағы жас жігіт ұсталды», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, ұсталушыдан пышақ табылған. Алдын ала дерек бойынша, ол осы пышақпен адам өлтіруі мүмкін. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 


Соңғы жаңалықтар