Атырауда алаяқ қаржы пирамидасын құрып, салымшылардың 84 миллионнан астам қаржысын қолды қылған - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда алаяқ қаржы пирамидасын құрып, салымшылардың 84 миллионнан астам қаржысын қолды қылған

Атырауда алаяқ қаржы пирамидасын құрып, салымшылардың 84 миллионнан астам қаржысын қолды қылған

Атырауда алаяқ қаржы пирамидасын құрып, салымшылардың 84 миллионнан астам қаржысын жымқырған.

  • 31 Шiлде 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz

Атырау қаласының №2 сотының өндірісіне 134 жәбірленушінің қаражатын жымқырған 40 жасар азаматқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

«Айыптау актісінде көрсетілгендей, Ж.К. қылмыстық жолмен аса ірі мөлшерде табыс табу мақсатында 2014 жылы «Playtcoin» жауакершілігі шектеулі серіктестігін ашқан. Серіктестіктің құрылтайшысы әрі директоры етіп өзін тағайындаған. ЖШС-нің  банк ретінде мемлекеттік тіркелуге рұқсаты және банк қызметін атқаруға берілетін арнайы лицензиясы жоқтығына қарамастан, заңсыз банктік операцияларды орындап, азаматтардан қаражат қабылдауды жүзеге асырған.  Ол үшін арнайы  кеңсе ашып,  ғаламтордағы сайты арқылы  үстеме пайызбен қайтарылатын салым берілетіні туралы жарнама таратады. Алданған халықтың қаржысы оның жеке есеп шотына және телефон нөмірінің есеп шотына түсіп отырған. Сөйтіп, заңсыз табысын 84 миллионнан астам соммаға көбейтеді», — деп хабарлайды Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік айыптау тарапынан оған Қазақстан Республикасы ҚК 214 бабы 2 бөлігі 2 тармағы және 217 бабының 3 бөлігі 2 тармағымен айып тағылып отыр.


Соңғы жаңалықтар