Атырауда ардагерлерге арналған 1 млн теңге қолды болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда ардагерлерге арналған 1 млн теңге қолды болды

Атырауда ардагерлерге арналған 1 млн теңге қолды болды

Атыраулық ардагерлердің жоқ-жітігіне жұмсалуы тиіс 1 миллион теңге қолды болды. Демеушілерден түскен осыншама қаржының ұшты-күйлі жоғалғанын Ардагерлер кеңесінің есеп-қисабын тексерген ревизиялық комиссия мүшелері анықтапты. Ардагерлер бұл былыққа кеңес төрағасы Қатимолла Ризуановтың қатысы бар деп, енді бұл іске қаржы полициясының араласуын сұрауда.

  • 15 Қараша 2013
  • 359
Фото - Caravan.kz

Қартамбай Саудабеков, ауған соғысының ардагері:

— Ревизия жасағанда миллионға жақын ақша кассада болмаған. Оны бір президиум мүшесі де білмейді. Енді неге оны жасырады? Ол не құпия мекеме ме? Неге халыққа айтпайды?Неге сол ақшаны ардагерлерге жұмсамайды?

Облыстық ардагерлер кеңесінің осы уақытқа дейін атқарған қыруар жұмысын тәптіштеп баяндаған Қатимолла Ризуанов әріптесі күтпеген жерден бас салады деп ойламаса керек, қолды болған қаржы туралы естігенде біраз қызарақтап қалды. Қасында отырған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов болса бұл оқиғаға араласуды артық санап, үндемей құтылды. Ал облыстағы ардагерлердің сойылын соғып, жоғын жоқтап жүрген төраға бұл былыққа өзінің ешқандай қатысы жоқтығын айтып, бәрін қоғамдық ұйымның бас есепшісіне сілтеді.


Қатимолла Ризуанов,  Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Жетпес ақша болды кассада. Ол енді қашан болғаны белгісіз. Бірақ тексертіп анықтаған мен. Мен тексертем деп едім, есепші кетем деп шыға келді.  Мен енді адамның алдында, Алланың алдында бір тиын алып көрген адам емеспін. Алмаймын да, солай өтем.