Атырауда асыл тұқымды мал түлігінің көрме-жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда асыл тұқымды мал түлігінің көрме-жәрмеңкесі өтеді

Атырауда асыл тұқымды мал түлігінің көрме-жәрмеңкесі өтеді

29-қарашада Атырау облысында мал тұқымын асылдандыру ісі бойынша семинар-кеңес өтеді. Аталмыш шара аясында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы асыл тұқымды мал түлігінің көрме-жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы басқармасынан хабарлады.

  • 18 Қараша 2003
  • 518
Фото - Caravan.kz

Көрмеге облыстағы ауылшаруашылығының тауар өндірушілері түгелдей жиналады деп күтілуде. Олар өз жетістіктерін ортаға салып, өнімдерін өткізеді. Сол күні облыстық әкімшілікте мал тұқымын асылдандыру ісі бойынша семинар-кеңес өтеді. Сондай-ақ, кеңесте Атырау облысында Ауыл жылын өткізудің 9 айлық қорытындысы шығарылады.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, қазіргі жағдаймен Атырау облысында ауылшаруашылығы бағытындағы 11 кәсіпорын асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады. Олардың төртеуіне биыл асыл тұқымды мал шаруашылығы деген мәртебе берілді. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 36 млн. теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар