Атырауда ауа қысымының ауытқуынан шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты өтпей қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда ауа қысымының ауытқуынан шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты өтпей қалды

Атырауда ауа қысымының ауытқуынан шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты өтпей қалды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ауа қысымының тым жоғарылауынан жұмадан бері «Боинг» және «Аэробус» сияқты алып ұшақтардың ұшу уақыты кейінге шегерілген еді. 
Оның басты себебі - атмосфералық қысымның сынап бағанасында 790 мм дейін көтерілгендігі. Осы себеппен «Бейбарыс» жергілікті командасының хоккейшілері және олардың қарсыластары - Көкшетаудың «Арлан» командасы Атырауға жете алмаған. ҚР Хоккей федерациясы «Бейбарыс» пен «Арлан» кездесуін басқа қалада өткізуге шешім қабылдады.
Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, арктикалық антициклонмен байланысты мұндай табиғи құбылыстар өңірде соңғы рет шамамен 40 жыл бұрын байқалған. Күн райын болжаушы мамандары аймақтағы атмосфералық қысымның шамадан тыс көтерілуі 4 ақпанға дейін созылады деп отыр.

Фото - Caravan.kz


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера