Жарияланды: 410

Атырауда ауруханаға ауыр жарақаттармен Ұлыбритания азаматы жеткізілді

Атырауда ауруханаға ауыр жарақаттармен Ұлыбритания азаматы жеткізілді

Атырауда облыстық клиникалық ауруханаға ауыр жарақаттармен Ұлыбритания азаматы жеткізілді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Г.Мұхтарованың сөзіне қарағанда, шетел азаматы түнде қала орталығындағы жолдардың бірінің жиегінен ес-түссіз күйде табылды. Ол бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен шұғыл түрде облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Құжаттар бойынша оның аты-жөні мен азаматтығын анықтау мүмкін болды. «Қазіргі уақытта оқиғаның екі нұсқасы қарастырылуда - жол-көлік оқиғасы немесе шабуыл», - деді Г.Мұхтарова. Атырауда облыстық клиникалық ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен жеткізілген Ұлыбритания азаматы ұрылардың қолынан зардап шеккен. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова мәлім еткендей, жансақтау бөлімінде жатқан Ұлыбритания азаматы есін жиды. «Ол «Аджип ККО»-ның мердігерлік компанияларының бірінің қызметкері, 1972 жылы туған. Алдын ала ақпарат бойынша, жол-көлік апатының нұсқасы расталмады. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отырған зардап шегушінің сөзіне қарағанда, бейтаныс адамдар оны ұрып-соғып, тонап кеткен. Осы нұсқаны қазір тергеу қарастыруда», - деп атап өтті Г.Мұхтарова. Еске салайық, шетел азаматы түнде қаланың орталығындағы жолдардың бірінің жиегінде ес-түссіз күйде табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін