Атырауда азық-түлік арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда азық-түлік арзандады

Атырауда азық-түлік арзандады

Атырауда азық-түлік арзандады

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 174
Фото - Caravan.kz

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиында Ұлттық банктің Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева баяндама жасады. Ол аймақтағы азық-түлік бағасының қазан айымен салыстырғанда арзандап, тұрақтанғанын жеткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиналыста белгілі болды.. 

"Қазан айымен салыстырғанда инфляция төмендеді. Бұл жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған 6 жәрмеңкенің өтуімен байланысты болды. Бағаның түзетілуі қызылша, пияз, сəбіз сынды азық-түліктерге қатысты болды", — деді ол.

Филиал директоры өңірде дедолларизациияның оң бағытта жүріп жатқанын да айтты.


"Былтырғы периодпен салыстырсақ, 1 қарашада ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 28 проценттен 45 процентке дейін артты. Шетелдік валютадағы салымдар 71 пайыздан 54 пайызға дейін кеміді", — деді директор. Бұл Атырау облысында ұлттық валютаға деген сенімнің күшейгендігімен түсіндірілді.
 

Соңғы жаңалықтар