Атырауда азық-түліктің қымбаттауына жол берілмеді
Өзге өңірлерде сияқты Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік тауарлары қымбаттайтын Атырауда, жергілікті билік бұл үрдіске жол бермеуге тырысуда. |
Өңірде тұрақтандыру қоры құрылды, оған 447 млн. теңгеге бірінші қажеттіліктегі тауарлар сатып алынды. Олар 14 сауда орнында және қаланың барлық базарларында сатылуда. Осының арқасында азық-түліктердің бірқатарына бағаның бір теңгеге де қымбаттауына жол берілмеді. Мәселен, қырыққабаттың бір келісі 68 теңгеден, сәбіз 73 теңгеден, картоп 64 теңгеден, қызылша 75 теңгеден, пияз 55 теңгеден саудалануда. Бекітілген бағалар бойынша азық-түлік тауарларының барлығы 33 түрін сатып алуға болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін