Атырауда байларды тонаумен айналысқан қаскөйлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда байларды тонаумен айналысқан қаскөйлер ұсталды

Атырауда байларды тонаумен айналысқан қаскөйлер ұсталды

Ұрланған зергерлік бұйымдардың иелеріне іздеу салынады! Атырау облысында ауқатты отбасыларды тонаумен айналысқан 3 адам ұсталды. Олардан жалпы құны 10 млн теңгеге жуық әшекей бұйымдар мен құндыз ішіктер тәркіленген.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 194
Фото - Caravan.kz

Баукеспелер үй иелері жоқ кезде алтын, гауһартаспен көмкерілген зергерлік бұйымдар, құндыз тондар мен бөріктерді, сейфтерді үптеп кетіп отырған. Сөйтіп, Құлсарыда 13 үйге ұрлыққа түскен. Сұғанақтардың екеуі – Атырау облысының тұрғындары. Үшіншісі – қызылордалық. Бұл үшеудің 2012 жылы Құлсары қаласында болған тағы бір ұрлыққа қатысы бары анықталып отыр. Ол кезде жергілікті кәсіпкердің үйінен 400 мың доллар ақшамен қоса 200 мың доллардың бағалы заттарын алып кеткен екен.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Айғақ заттар Құлсары қаласында және Қызылорда облысында тәркіленді. Бірақ көптеген зергерлік бұйымдардың иелері әлі анықталған жоқ. Жедел іздестіру шаралар жалғасуда. Қосымша ақпараттардың әлі де анықталуы мүмкін.