Атырауда бас дәрігер бір шөлмек виски алғаны үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бас дәрігер бір шөлмек виски алғаны үшін сотталды

Атырауда бас дәрігер бір шөлмек виски алғаны үшін сотталды

«Атырау облыстық ІІД-нің емханасы бар госпиталі» РММ бас дәрігері қызметке алынып жатқан полицейге медициналық анықтама алуға көмектескен. Есесіне пара ретінде құны 10 мың теңге тұратын бір шөлмек виски талап еткен. 

  • 3 Қараша 2016
  • 742
Фото - Caravan.kz


Парақорды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының қызметкерлері ұстап, ол Атырау қаласының прокурорымен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасаған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бас дәрігер ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-тармағында («Пара алу») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілеумен қатар, параның елу есе көлемінде айыппұл түрінде және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.