Атырауда базарларда Еуропадан импортталатын көкөністер тексеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда базарларда Еуропадан импортталатын көкөністер тексеріледі

Атырауда базарларда Еуропадан импортталатын көкөністер тексеріледі

Атыраулық санэпидемиологтар супермаркеттер мен базарларда Еуропадан импортталатын көкөністерді тексеру бойынша рейд шараларын жүргізеді.

  • 9 Маусым 2011
  • 687
Фото - Caravan.kz

«Бізге мемсанэпидқадағалау комитетінен әкелінген өнімдерге, соның ішінде қиярларға бақылауды күшейту туралы нұсқау келді. Қазір барлық сауда орындарын тексеру үшін прокуратура мен прокуратураның құқықтық статистика және ақпарат орталығынан рұқсат алып жатырмыз», — деп мәлім етті денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санэпидембақылау комитеті департаментінің тағам бөлімінің бастығы Мәриям Меңдіғалиева.

Оның айтуынша, тексерудің алғашқы нәтижелері 15 маусымда белгілі болады.

Еске сала кетейік, «қиярлы» немесе «көкөністі» инфекция деп аталып кеткен ішек инфекциясы мамыр айында Германияда басталды. Бастапқыда бактериялар Испаниядан әкелінген қиярлардан шықты деп болжанды. Ал енді мамандар ауруға Германияның солтүстігіндегі фермада өсірілген көкөністер себеп болды деп отыр. Ресей ЕО-дан көкөніс жеткізілімдеріне тыйым салды.

Соңғы жаңалықтар