Атырауда бейнебақылау таспасы тонаушыларды ұстауға көмектесті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бейнебақылау таспасы тонаушыларды ұстауға көмектесті

Атырауда бейнебақылау таспасы тонаушыларды ұстауға көмектесті

- Атыраулық полицейлерге әйелді тонап кеткен екі жас адамды ұстау үшін бір сағаттан аз уақыт қана қажет болды.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 297
Фото - Caravan.kz

«Күш көрсетумен қорқытқан белгісіз жас адамдар көшеде әйелден қымбат ұялы телефонды алып қойды. Тонаушылық супермаркеттердің бірінің аумағында орын алды, ол мұндағы орнатылған бейнебақылау таспасының назарына ілікті. Қаскөйлердің қай жаққа беттегенін қараған кезекші оператор полиция жасағын жіберді. Қылмыскерлер бірнеше минуттан кейін ұсталды. Ұялы телефонынан айырылған әйел полицияға хабарласқанда оны баукеспе ұрыларды тануға шақыртты», — деп хабарлады аймақ ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Әйел өзінің телефонын да, оны күштеп алып қойған екі жас азаматты да таныды.