Атырауда бұрынғы балабақшалардың 3 ғимараты әкімдіктің меншігіне қайтарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бұрынғы балабақшалардың 3 ғимараты әкімдіктің меншігіне қайтарылады

Атырауда бұрынғы балабақшалардың 3 ғимараты әкімдіктің меншігіне қайтарылады

Атырауда бұрынғы балабақшалардың 3 ғимараты әкімдіктің меншігіне қайтарылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

  • 25 Шiлде 2011
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Қалада оңтайландыру жылдары жеке меншікке берілген бұрынғы балабақшалардың ғимараттарын қайтару бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні осындай үш нысанда қайта жөндеу жүргізіліп жатыр, ол аяқталған соң бұрынғы мектепке дейінгі мекемелер бүлдіршіндер үшін есігін айқара ашады», — деп хабарлайды дүйсенбі күні әкімнің баспасөз қызметі.

Бір ғимаратта орталықтандырылған балалар емханасы орналасқан. Нысанды қазан айында тапсыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары барысында ғимарат 140 балаға есептелген типтік балабақша қалпына қайта келтіріледі.

280 орындық «Балапан» типтік балабақшасы қырқүйекте пайдалануға беріледі. Онда лицей орналасқан, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Атырауда қалалық білім бөліміне қарайтын 30 балабақша бар. Бұдан басқа, облыс орталығы мен ауылдық округтарда 6 жеке меншік балабақша бар.

Соңғы жаңалықтар