Атырауда екі бала шала қатқан Орал өзеніне батып мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда екі бала шала қатқан Орал өзеніне батып мерт болды

Атырауда екі бала шала қатқан Орал өзеніне батып мерт болды

Өткен аптаның соңында Атырауда он екі жасар екі бала шала қатқан Орал өзеніне батып мерт болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 591
Фото - Caravan.kz

Облыстық басқарма ақпаратына сәйкес, балалар мұздың астынан балық аулап жүріп опат болған. Судан құтқарушылар қазір олардың мәйітін іздестіруде.

Бұл биылғы мұзқатқыдан бері Атырауда орын алып отырған осындай екінші оқиға. Бұған дейін желтоқсан айының басында Құлсарыда он жасар қыз бала мұз түбіне кеткен болатын.
Қазіргі жағдаймен Орал өзені жақсы қата қойған жоқ. Соған байланысты құтқарушылар күнделікті жағалау күзетін күшейтті.

Соңғы жаңалықтар