Атырауда ІІІ Халықаралық Солтүстік-Каспий аймақтық "Атырау Билд 2004" атты құрылыс көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда ІІІ Халықаралық Солтүстік-Каспий аймақтық "Атырау Билд 2004" атты құрылыс көрмесі өтеді

Атырауда ІІІ Халықаралық Солтүстік-Каспий аймақтық "Атырау Билд 2004" атты құрылыс көрмесі өтеді

24-26-наурыз аралығында "Атырау" спорт кешені аумағында ІІІ Халықаралық Солтүстік-Каспий аймақтық "Атырау Билд 2004" құрылыс көрмесі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Iteca компаниясынан хабарлады.

  • 25 Наурыз 2004
  • 467
Фото - Caravan.kz

Көрме аймақта құрылыс индустриясының дамуына түрткі болу, экономиканың аталмыш саласына инвестиция тарту, Атыраудың іскерлік беделін арттыру мақсаттарын көздейді.

Қатысушылар көрменің мынадай бөлімдері бойынша өнімдерін көрермен назарына ұсына алады : құрылыс материалдары және салалық қызмет түрлері, жылыту жүйелері, интерьер, изоляциялық материалдар мен технологиялар, сантехника, құрал-жабдықтар т.б.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге қатысушылар саны 2003-жылғымен салыстырғанда 25 процентке өскен. Атап айтсақ, форумға Әзербайжан, Дания, Германия, Қытай тәрізді дүниежүзінің 9 елінен 150-дей компания қатысқалы отыр.
Көрмеге қатысушылар арасында «Жыл дебюті» тақырыбында байқау өткізіледі.
Үш күнге созылатын «Атырау Билд 2004» көрмесіне 7 мыңдай адам қатысады деп күтілуде, дейді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар