Атырауда кәсіпкерлердің консультациялық орталығы жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда кәсіпкерлердің консультациялық орталығы жұмысын бастады

Атырауда кәсіпкерлердің консультациялық орталығы жұмысын бастады

Атырауда кәсіпкерлерге сервистік қызмет, жергілікті бизнесмендерге көмек көрсететін орталық ашылды, деп облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының директоры Нина Темірбаева мәлім етті.

  • 28 Шiлде 2011
  • 627
Фото - Caravan.kz

Қызмет көрсету тендерін екі команда жеңіп алды. Олар — «Международная профессиональная академия «Туран-Профи» біліктілікті арттыру институты мен «Салық консалтинг А» ЖШС.

«Консультацияға тек бастаушы кәсіпкерлер ғана мұқтаж деп ойлау дұрыс емес. Көптеген табысты бизнесмендердің артында тәжірибелі консультанттар тұр. Біз интернет және жаңа әзірленген webinarбағдарламасы арқылы алыстан консультация беру әдісін кеңінен қолданамыз. Ол бізге алыстан online-консультация жүргізуге мүмкіндік береді», — деді орталықтың ашылуында «Туран-Профи» өкілі Олег Мецик.

Кәсіпкерлер орталыққа келесідей бағыттар бойынша көмек сұрауларына болады: бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және есеп-қисапты дайындау, кедендік процедуралар бойынша, сапа менеджментін енгізу, заңгерлік мәселелер бойынша, маркетингі және ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету бойынша.

Консультанттар тек Атырауда ғана жұмыс істемей, ауылдағы бизнесмендерге барып, сол жерде кеңес бере алады.

Соңғы жаңалықтар