Атырауда кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырды

Атырауда кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырды

Атырау облысында коммуналдық кәсіпорын басшысы су бағасын көтеру арқылы 126 миллион теңгеден аса қаражат жымқырды.

  • 12 Шiлде 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік Атырау облысы "Жылыойсу" МКК директоры Алагөзов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызмет тарифін негізсіз көтерген.

"Ол аса ірі мөлшердегі қаражаттыжымқырып, 126 миллион теңге залал келтірген. Тергеу кезінде залал мөлшері толығымен мемлекетке қайтарылды", — делінген хабарламада.

Сот үкімен кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес, тағайындалған жаза шартты түрде өтеледі.


Сондай-ақ, агенттікте тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 процентке төмендегені айтылды.

Соңғы жаңалықтар