Жарияланды: 580

Атырауда «Каспий Құбыр Консорциумы» (КҚК) мұнай құбырын кеңейту жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды

2011 жылдың 1 шілде күні «Атырау» мұнай айдау стансасының аумағында КҚК мұнай құбырын кеңейту жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының басталуына орай салтанатты рәсім өтті, деп хабарлады ҚазмұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Шматко, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры Нұртас Шманов, «Транснефть» АҚ» ААҚ басқарма төрағасы Николай Токарев, КҚК акционерлерінің өкілдері мен қызметкерлері, сондай-ақ, мердігер компаниялар басшылары қатысты. - КҚК жобасын жүзеге асырудың келіссөз жүргізу мен жобалаудан бастап, мұнай құбырының құрылысы мен оны іске қосуға дейінгі барлық кезеңдерінде бірлесе отырып жасалған үлкен және көп қырлы жұмысқа қатысқандардың барлығы үшін бұл жоба ерекше мәнге ие. КҚК - ауқымды халықаралық құбыр жобаларын сәтті іске асырудың жарқын мысалдарының бірі, - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры Нұртас Шманов. «Каспий Құбыр Консорциумының» бас директоры Николай Платонов мұнай құбырын кеңейту жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының шеңберінде құбырлардың алғашқы торабын дәнекерлеуді бастап берді. КҚК-ны кеңейту жобасы Қазақстан мен Ресей мұнайының күннен күнге артып отырған көлемін халықаралық нарықтарға экспорттау үшін магистральді мұнай құбырының механикалық өткізу қабілетін жылына 28 млн. тоннадан 67 млн. тоннаға дейін арттыруды көздейді. Аталған жоба үш кезеңде жүзеге асырылып, 2015 жылы аяқталмақ. Қазақстанның аумағында жүргізілетін құрылыс шеңберінде қолданыстағы екі мұнай айдау стансаны жаңғырту, жаңа екі станса салу, құбырдың 88 шақырым телімін ауыстыру, сыртқы энергиямен жабдықтау және тағы да өзге жұмыстар жүзеге асырылмақ. Іс-шара барысында Атырау облысының медициналық мекемелеріне арналған үш жаңа жедел жәрдем автокөлігінің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін