Атырауда Каспий құбыр желісін кеңейту жобасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда Каспий құбыр желісін кеңейту жобасы басталды

Атырауда Каспий құбыр желісін кеңейту жобасы басталды

«Атырау» мұнай айдау стансасында бүгін Каспий құбыр желісі жүйесін кеңейту жобасының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті.

  • 1 Шiлде 2011
  • 411
Фото - Caravan.kz

Консорциумның бас директоры Николай Платонов мердігер құрылыс ұйымдарының өкілдеріне олардың жұмысқа әзірліктерін қуаттайтын және жобаны бастауға рұқсат беретін сертификаттар табыс етті.

Салтанатты рәсімде Қазақстанның Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, Ресей Федерациясының Энергетика министрі Сергей Шматко, «Транснефть» ұлттық компаниясының өкілі Николай Токарев, консорциум акионерлерінің өкілдері сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде Ресей мен Қазақстанның мемлекетаралық қарым-қатынасын әрі қарай дамыту үшін де, дүниежүзі бойынша энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін де КТК желісін кеңейтудің маңызы зор екенін атап көрсетті.

Жоба жүзеге асырылғаннан кейін, Қазақстанның «Теңіз» кеніші мен Ресейдің Новороссийск айлағын байланыстырып отырған құбыр желісінің жылдық өткізу қуаты 67 миллион тоннаға жететін болады.

Соңғы жаңалықтар