Атырауда Каспий теңізінде жоғалған балықшылар құтқарылды
Атырау облысы Исатай ауданының Забурунье ауылының 14 қаңтар күні Каспий теңізінің жағалауы бөлігінен оралмаған барлық тұрғындары құтқарылды. Анықталғандай, жағаға апаратын жолдың жабық екенін түсінген олар мотоциклдермен мұздың үстімен аралдардың біріне кетіп, сол жерден бүгін табылды. Балықшылар құрлыққа жеткізілді. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін