Атырауда көшеде жалаңаш жүріп, видеоға түсіп қалған қыз бұл қылығын неге күйініп істеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда көшеде жалаңаш жүріп, видеоға түсіп қалған қыз бұл қылығын неге күйініп істеді?

Атырауда көшеде жалаңаш жүріп, видеоға түсіп қалған қыз бұл қылығын неге күйініп істеді?

Атырауда орталық көшедегі аялдамада жалаңаш тұрып, видеоға түсіп қалған бойжеткенге әкімшілік жаза қолданылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл жағдай тағы қайталанатын болса, оның қамауға алынатыны ескертті.

  • 21 Маусым 2017
  • 19207
Фото - Caravan.kz

Ол – Атырау қаласының 1989 жылы туылған тұрғыны, деп хабарлайды "Қазақстан-Атырау" телеарнасы. Сосын қыздың полиция қызметкерімен арадағы қысқаша әңгімесі көрсетілді.

— Не себептен осындай құқық бұзушылық жасадыңыз?

— Сол… күйініп…

— Күйініп? Ондай құқық бұзушылық бар екенін, оған әкімшілік шара қолданылатынын білесіз бе?

— Білемін.

— Біле тұра сондай құқық бұзушылық жасап отырсыз. Әр адам солай орталық көшеде шешініп жүретін болса, не болады? Қандай тәртіп болады? Өзіңіздің мына жасаған қылығыңызды мойындап отырсыз ба?

— Иә.

— Енді мұндай құқық бұзушылық қайталана ма?

— Жоқ.


— Енді мұндайды қайталамаңыз. Қайталанған жағдайда әкімшілік қамауға алынасыз.

Дегенмен, ерсі қылығымен елге танылған қыздың неге күйінгені белгісіз болып қалды. Ал оның әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылып, бойжеткенге 434-бап бойынша хаттама толтырылып, жеті айлық есептік көрсеткіш (15883 теңге — ред.) негізінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Естеріңізге салсақ, Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынының аялдамада мас күйінде жалаңаш тұрған видеосы әлеуметтік желіде осы аптаның басында тараған еді.