Атырауда көші-қон полициясы бөлімінің бастығы қамауға алынды
![]() |
Атырауда сот санкциясымен облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы көші-қонды бақылау жөніндегі бөлімнің бастығы қамауға алынды. |
«Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті мен ІІД өзіндік қауіпсіздік бақармасының қызметкерлері бірігіп ЖШС-нің бірінің әкімшісінен 150 мың теңге сомасында пара алу күдігімен бөлім басшысын ұстады. Ол ақшаны шетелдік азаматтардың ҚР аумағына келуін тіркеу бойынша құжаттардың еш кедергісіз ресімделуі мен оларға жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алған.
Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 311-бабы, 2-бөлімі (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қалмыстық іс тексерілу үстінде, деп мәлім етілген облыстық қаржы полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін