Атырауда КҚК кеңейбу жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда КҚК кеңейбу жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды

Атырауда КҚК кеңейбу жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды

Атырауда Каспий құбыры консорциумының (КҚК) жүйесін кеңейту жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды, делінген компанияның ақпаратында.

  • 1 Шiлде 2011
  • 552
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Атырауда КҚКқұбыр желісінің осы аттас мұнай айдау станциясының қасында Каспий құбыры консорциумын кеңейту жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті», — делінген КҚК жұма күні таратқан ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, КҚК бас директоры Николай Платонов мердігерлік ұйымдардың өкілдеріне олардың жұмыстарды бастауға дайындығы мен рұқсат берілгенін қуаттайтын сертификаттарды салтанатты жағдайда табыс етті.

Салтанатқа қатысқан ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, РФ энергетика министрі Сергей Шматко, «Транснефть» компаниясының президенті Николай Токарев және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры Нұртас Шманов, консорциум акционерлерінің өкілдері жиналғандарды атаулы оқиғамен құттықтады.

Кейін КҚК бас директоры диаметрі үлкен құбырдың түйісетін бірінші тұсын дәнекерлеу процесін бастауға нұсқау берді. Бұл құбыр Қазақстан аумағындағы «тар» учаскенің 88 шақырымдық бөлігінің орнына салынады.

Құбырдың «тар» бөлігін алмастырудан басқа, құрылысшылар КҚК-ның Қазақстан мен Ресей аумағындағы 5 мұнай айдау станциясын жаңғыртып, 10 қосымша мұнай айдау станциясын (2-еуі Қазақстан аумағында, 8-і – Ресейде), Новоросийск түбінде мұнай сақтайтын 6 резервуар, КҚК Теңіз терминалында 3-ші айлақтық шығару құрылғысын салады. Құбырды басқару мен байланыс жүйесі жаңғыртылады. Кеңейту КҚК құбыр жүйесін жылына 67 млн тоннаға дейін жеткізуді қарастырады.

КҚК кеңейту құны $5,4 млрд құрайды. Жобаны қаржыландыру мен тиімділік деңгейіне шығуға «айда немесе төле» келісімі кепілдік береді, ол келісімге сәйкес, акционерлер — өндіруші компаниялар құбырдың кеңейтілген қуаттарына жүктеме бойынша міндеттерді өз мойындарына алады. Мұнай жеткізілімдері жетпесе, келісілген көлемді жеткізбеген компания КҚК-ға консорциум алмаған табыстың көлемінде ақша төлеуге тиіс.

Қаржыландырудың басты көздері КҚК-ның акционерлердің жоғарылатылған тариф, несиелер бойынша пайыздарды төмендету, қарызды төлеуді тоқтата тұру туралы қабылдаған шешімдері жағдайында тарифтік кірістің жиналуынан түзілетін өз қаржысы болады.

КҚК құбырдың құрылысы мен Қазақстан мұнайын Ресей аумағымен транзитпен экспорттау үшін құрылды. КҚК жалпы ұзындығы Қазақстанның батысындағы кен орындарын Қара теңіздің ресейлік жағалауымен қосатын 1 580 шақырымға жететін Теңіз- Тенгиз-Новороссийск құбырына иелік етеді. 2010 жылы КҚК-нің экспортқа мұнай айдау көлемі 1%-ға артып, 34,9 млн тоннаны құрады.

КҚК акционерлері: Ресей ( «Транснефть» – 24% және «КТК Компании» – 7%) – 31%; Қазақстан («ҚазМұнайГаз» – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%) – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%, LUKARCO B.V. — 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company- 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%, BG Overseas Holding Limited — 2%, Eni International N.A. N.V. және 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75%.

Соңғы жаңалықтар