Бұған дейін хабарлағандай, қазақстандық «Теңіз» кеніші мен ресейлік Новороссийск айлағын байланыстыратын құбыр желісін кеңейту жұмыстары аяқталғаннан кейін, Каспий құбыр желісінің өткізу мүмкіндігі жылына 67 миллион тоннаға жететін болады.
Бүгінгі салтанатты рәсімге Қазақстанның Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, Ресейдің Энергия министрі Сергей Шматко, аумақтары арқылы құбыр желісі өтетін ресейлік облыстардың губернаторлары және компаниялары КТК акционерлері болып табылатын елдердің елшіліктерінің өкілдері қатысады деп күтілуде.