Әйелін қызғанып, оның сөздеріне құлақ аспаған ер адам оны аяусыз соққыға жығып, артынша пышақ сұғып алған, деп жазды Стан.кз порталы “Ақ Жайық”басылымына сілтеме жасап.
К.-ның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабы 1-тармағы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») қылмыстық іс қозғалды. Ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.