Атырауда мексикалық суретшінің көрмесі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда мексикалық суретшінің көрмесі өтіп жатыр

Атырауда мексикалық суретшінің көрмесі өтіп жатыр

Атырауда Ш. Сариев атындағы өнер мұражайында «Екі елдің стильі» атты суретшілер Рафаэль Слекенов пен мексикалық қылқалам шебері Рауль Говео Перальтының сурет көрмелері ашылды

  • 26 Мамыр 2011
  • 587
Фото - Caravan.kz

«Раульдің жасы 35-те, ол Еуропаға танымал суретші. Біз онымен Варшавада 2007-ші жылы таныстық. Сол кезде мен оны Қазақстанға шақырғанмын», — дейді Р. Слекенов.

Р. Перальты «суперреализм» стилінің шебері. Бұл ретте кескіндемешінің суреттерінің негізгі арқауы – ұшып жүрген сыйырлар.

«Ұшып жүрген сыйырлар — менің ойларым. Мен оларды не өткенге, не келешекке, немесе әлемді шарлатып жіберемін. Кескіндемемен 6 жасымнан бастап айналысам. Содан бері менің коллекциямда 150-ден астам жұмыс бар», — деді Р. Перальты.

Мексикалық суретшінің бір суреті «Ақ үй» деп аталып, оны салуға суретші үш ай жұмсапты. Оның бағасы $1800. Көрмеге барлығы 44 сурет қойылса, оның 26-сы Мексикадан әкелінді.

Көрмеге сондай-ақ Р. Слекеновтың танымал суреттері, республикалық «Жігер», «Шабыт», «Тарлан» конкурсының лауреаты атанған «Балықшының түсі», «Алтын балық», «Көктем музасы» және «Бауырсақтар» суреттері қойылған.

Р. Перальты мен Р. Слекенов Mirca Art Group атты халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшелері болып табылады.

Көрме 15-ші маусымға дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта