Жарияланды: 390

Атырауда мемлекетке сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қозғалған 34 қылмыстық іс тергелуде

Атырауда мемлекетке сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қозғалған 34 қылмыстық іс тергелуде

Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобымен Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғалары және мердігерлік ұйымдардың басшыларымен жасалған мемлекетке жалпы мөлшері 35 млрд.теңгеден астам залал келтірген сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қозғалған 34 қылмыстық іс тергелуде.

Ағымдағы жылғы 27 қарашада жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Астана қаласында Құралбаев ұсталды. Ол «Госэкспертиза» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бастығының бірінші орынбасары бола тұра, 2010 жылы құны 6,1 млрд.теңгеге жоғарылатылып көрсетілген «Атырау облысының Қызылқоға ауданын газификациялау» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша жағымды қорытынды берген деп айыпталуда. 28 қарашада Құралбаевқа бюджет қаражатын ұрлауға көмектесті деген айып тағылып, 30 қарашада ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, деп хабарлайды Қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін