Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Атырау облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары Қуаныш Мұратовтың хабарлауынша, спартаикдаға еліміздің барлық облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан командалар қатысады. Жарыстарда барлығы 1 мыңнан астам адам бақтарын сынайды. Олар — баскетболшылар, футболшылар, теннисшілер, волейболшылар және бильярдшылар. Тоғызқұмалақтан да жарыс өтпек.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медальдар, дипломдар және ескерткіш сыйлықтар күтіп тұр.